СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын

Оқу-тәрбие жұмысы

 

Мақсаты:

 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пенпатриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
  • Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
  • Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  • Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
  • Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
  • Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
  • Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  • Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 

 


Тәрбие жұмысының бағыттары 

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

  • ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНІҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІ МЕН АЗАМАТТЫҚ, ҚҰ¦ҚЫҚТЫҚ  ТӘРБИЕСІ.
  • РУХАНИ –  АДАМГЕРШІЛІК  ТӘРБИЕ.
  • ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ.
  • ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ.
  • ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ТӘРБИЕ.
  • КӨП ҰЛТТЫЛЫҚ  ЖӘНЕ  КӨРКЕМДІК  ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ.
  • ЗИЯТКЕРЛІК, АҚПАРАТТЫҚ  МӘДЕНИ  ТӘРБИЕ.
  • ДЕНЕ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ  ӨМІР  САЛТЫ  ТӘРБИЕСІ.

 

БАЙЛАНЫС

"СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

Қазақстан, БКО, Орал қаласы, . Строитель 21/1 ш/а

тел. 8 (7112) 23-21-43

E-mail: PL6_oral@mail.ru

Бізге жазыңыз

Сіз бізге қателер туралы жаза аласыз, өз ұсыныстарыңызды, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша жаза аласыз.

Өту

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ