СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын

Психолог беті



Сәлеметсізбе, психолог парақшасына қош келдіңіз!

Құрметті қолданушылар мен сайтымыздың қонақтары!

Біздің колледжде әлеуметтік-психологиялық қызмет етеді.


Педагог-психолог жұмысының міндеттері:

    Білім беру процесінде студенттер мен студенттік топтарды психологиялық-педагогикалық қолдау, студенттердің психологиялық қауіпсіздігін арттыру, әлеуметтік бейімделуді, еңбек нарығында сұранысқа ие түлек қалыптастыру.
    Колледжде білім беру үрдісінің сапасын арттыруға ықпал ететін және оның әрбір субъектілерінің жеке әлеуетін барынша толық ашуға бағытталған әлеуметтік-психологиялық жағдайларды қамтамасыз ету.
    Әртүрлі жас топтары студенттерінің психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін құру.



Міндеттер:

    Туындаған қиындықтарды уақытында алдын алу және тиімді шешу мақсатында студенттердің әлеуметтік-психологиялық мәртебесі мен бейімделуінің ерекшеліктерін зерттеу.
    Мақсаты “Мен” позитивті бейнесін, бірегей және қайталанбас тұлғаны, коммуникативтік құзыреттілікті, өмірге деген құндылықты көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу



Жоспарға сәйкес психологиялық қызмет келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:

Диагностикалық жұмыс – студенттердің мазасыздану деңгейін, эмоциялық жағдайын анықтау, ұжымдағы психологиялық климатты зерттеу, қабілеттерді, қызығушылықтарды және т.б. диагностикалау

    Психокоррекциялық жұмыс – өзіне және басқаларға позитивті, төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоцияларын басқара білу, аутотренингтерге, шешендік шеберлік өнеріне, пациенттермен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларына үйрету.
    Кеңес беру қызметі – қиын өмірлік жағдайда психологиялық көмек және қолдау көрсету.



Жұмыс түрлері:

    студенттермен топтық жұмыс
    топ жетекшілерімен жұмыс
    ата-аналармен жұмыс (ата-аналар жиналыстарын қосқанда)



Колледж педагог-психологына хабарласуға болатын және қажет болатын сұрақтар:

    Оқудағы қиындықтар
    Топтағы өзара қарым-қатынас
    Ата-аналармен қарым-қатынас
    Өмір жолын таңдау
    Өзін-өзі басқару және өзін-өзі дамыту
Психолог – қандай да бір қасиеттерді, дағдылар мен іскерлікті дамыту технологиясын меңгерген және осы технологияны сізбен қуана бөлісетін адам.
Біздің сайт беттеріне жақсы және пайдалы виртуалды саяхат тілейміз.

Құрметпен, педагог-психолог Абуова Анаргуль Бейбутовна
(+7 7774791221 WhatsApp).

БАЙЛАНЫС

"СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

Қазақстан, БКО, Орал қаласы, . Строитель 21/1 ш/а

тел. 8 (7112) 23-21-43

E-mail: PL6_oral@mail.ru

Бізге жазыңыз

Сіз бізге қателер туралы жаза аласыз, өз ұсыныстарыңызды, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша жаза аласыз.

Өту

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ