СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын

Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді.

Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты / жүктеу


Сервис және жаңа технологиялар колледжінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің ережесі / жүктеу


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- қызметінің нұсқаулығы / жүктеу


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ережесі / жүктеу


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты / көру


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтар туралы хабардар ету тәртібі / көру


  2024 жылдың қазан айында колледж директоры Алмагуль Нуфтоллаевна Кдыргужина түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Комплаенс – офицер Старинец Альфия Урумбасаровна сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  анықтау мақсатында МКҚК «Сервис және жаңа технологиялар колледж» ұжымына  сауалнама   жұмыстарын өткізді.
  2024 жылдың 10 қыркүйек күні  колледжіміздің  әкімшілігі және оқытушыларына Қазақстан  Республикасының  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс қимыл  агенттігінің  бастамасымен қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы мәдениетті,парасаттылықты қалыптастыру  мақсатында «Адалдық сағаты» жобасы шеңберінде сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  саясатты түсіндіру  үшін  дөңгелек үстел өткізілді.
Қазіргі біздің қоғамдағы  өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымыз қажет.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі  шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді.
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтар туралы хабардар ету Тәртібі туралы заңнамалармен таныстырылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заң 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданды. Колледж оқытушылары мен қызметкерлері таныстырылып, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
  2024 жылдың 26 наурызында колледжімізде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру ”  және  де терроризмге қарсы күрес туралы дөңгелек үстел өткізілді. Колледж басшысы Кдыргужина Алмагуль Нуфтоллаевна «Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің іс-қимыл  АЛГОРИТМІ»  туралы   баяндады. Комплаенс офицер жетекшісі- Гумарова Гульнара Мендоллаевна   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күн тәртібіндегі басты мәселе екендігі және адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім сияқты негізгі құндылықтары туралы кеңінен насихаттады. Республика бойынша болып жатқан тіркелген қылмыстардың азайып, көбеюі туралы слайд түрінде деректер көрсеті. «Педагогикалық этика» және «Педагог  мәртебесі туралы» заңдарының  пунктеріне  тоқталып кетті. Бас есепші  Штукатурова  Светлана Александровна   өткен жылдың қаржысы  туралы есеп берді.
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады. 2023 жылдың 26 желтоқсан күні колледжімізде Сыбайлас жемқорлыққа күрес орталығының маманы Ринат Ганиматұлымен кездесу ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері" тақырыбында түсіндірме жиналысы өткізілді. Аталған жиналысқа колледж ұжымы қатыстырылды.
  2023 жылдың 12 қыркүйек күні Сервис және жаңа технологиялар колледжінде колледж басшысы А.Н.Кдыргужина қызметкерлер арасында «сыбайлас жемқорлық мінез-құлық : ықтимал салдары» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты және оның салдары қандай болатыны туралы мәселелер қозғалды. Бүгінді таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мақсаты сыбайлас жемқорлық көрінісіне жол бермеу , құқықтық сауаттылық арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттардың негізгі бағыттары белгілінді:
- Қызметкерлердің өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық пен жауапкершілікті қалыптастыру .
- Сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу.

БАЙЛАНЫС

"СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

Қазақстан, БКО, Орал қаласы, . Строитель 21/1 ш/а

тел. 8 (7112) 23-21-43

E-mail: PL6_oral@mail.ru

Бізге жазыңыз

Сіз бізге қателер туралы жаза аласыз, өз ұсыныстарыңызды, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша жаза аласыз.

Өту

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ